Спорт Министрі | ҚПЛ: «Ордабасы» тоғыз ойыншымен «Қызылжардан» ұпай жұлып алды
ФУТБОЛ

ҚПЛ: «Ордабасы» тоғыз ойыншымен «Қызылжардан» ұпай жұлып алды

Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры аясында Петропавлда өткен «Қызылжар» – «Ордабасы» кездесуі күтпеген оқиғаларға толы болды. Ойын 0:0 есебімен аяқталғанымен, шымкенттік клубтың тоғыз ойыншымен матчты тәмамдауы – басты назарда.

19-минутта «Ордабасы» қорғаушысы Шериф Жимо алаңнан қуылды.

42-минутта тағы бір ойыншысы, Дарио Чанаджия, қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайда қалдырды.

Екі ойыншыдан айырылғанына қарамастан, шымкенттік команда қорғаныста сауатты ойнап, бір ұпайды сақтап қалды. «Қызылжар» ойын бойы басымдыққа ие болғанымен, есеп аша алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button