БОКС
Әлем кубогы: тағы бір қазақстандық боксшы жарысты аяқтады

1 шілдеде Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші жарыс күні басталды.
Қазақстан құрамасынан алғашқы болып 54 келіге дейінгі салмақта Әнел Сақыш шаршы алаңға шықты. Ол ширек финалға жолдама үшін өзбекстандық Феруза Казаковаға қарсы жұдырықтасты.
Үш раунд қорытындысы бойынша жеңіс қарсыласқа бұйырып, Сақыш жарысты осы кезеңде аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (70 кг) те жарыстан шығып қалған еді.