Спорт Министрі | Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
ТЕННИС

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) қаласында өтіп жатқан ITF W15 сериясындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.

Әлемнің 306-ракеткасы саналатын Құламбаева бұл жарысқа бірінші нөмірмен тіркелген. Ол ширек финалда босниялық Суана Тукаковичпен кездесіп, қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ойын небәрі 1 сағат 5 минутқа созылды.

Финал жолдамасы үшін Жібек ресейлік Милана Жабраиловамен кездеседі. Жабраилова өз кезегінде ширек финалда словакиялық Стелла Ковачикованы 5:7, 6:4, 6:2 есебімен жеңіп шықты. Бұл матч үш сағатқа жуық уақытқа жалғасқан.

Құламбаеваның финалға шығу мүмкіндігі зор. Жеңіс жолы әрі қарай жалғасады деп сенеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button