Спорт Министрі | «Атырау» клубы құрамын үш жаңа ойыншымен күшейтті
ФУТБОЛ

«Атырау» клубы құрамын үш жаңа ойыншымен күшейтті

«Атырау» футбол клубы қорғаушылар Олжас Керімжанов пен Руслан Хадаркевичті, сондай-ақ шабуылшы Лука Згурскийді қатарға қосты.

36 жастағы Керімжанов осы маусымда «Атыраудан» «Шахтерге» ауысқанымен, жазда қайта оралды. Ал 19 жастағы Згурский бұған дейін «Тұран» сапында ойнаған.

Беларусьтік орталық қорғаушы Руслан Хадаркевич алғаш рет Қазақстан чемпионатында бақ сынамақ. 31 жастағы футболшы өз елінде «Динамо Минск», БАТЭ және «Минск» клубтарында өнер көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button