
Қазақстандық футбол клубтарына 2025/26 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдері аударылды.
Қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, сондай-ақ клубтардың ойыншыларды даярлау жүйесін қолдауға бағытталады.
УЕФА талаптарына сәйкес келетін 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 13 клубы төлем алды. Жалпы қаржы көлемі 7 754 000 еуроны құрады. Әр клубқа 596 461 еуродан төленді.
Қаражат алған клубтар қатарында «Астана», «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ұлытау», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» және «Тұран» бар.
Ал «Қайрат» 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқаны үшін бөлек жүлделік төлемдерге ие болды.



