ТЕННИС
Анна Данилина Монтеррейдегі WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті.
Жұптық сында өнер көрсетіп жатқан Данилина жапониялық Мию Катомен бірге қытайлық Чань И Тан және мексикалық Рената Сарасуа жұбына қарсы ойнады.
Кездесу үш сетке созылып, қазақстандық-жапониялық жұп 4:6, 6:2, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.
Данилина мен Като ширек финалда ресейлік Мария Козырева және Ұлыбритания өкілі Майя Люмсден жұбымен кездеседі.



