БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды

Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы жарыста екі қола медаль иеленді. U19 санатында әйелдер құрамасы «жылдамдық» бағдарламасындағы эстафетада үшінші орын алды. Ал U17 санатындағы ерлер құрамасы осы дисциплинадағы эстафеталық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Жекелей жарыстарда Қазақстан спортшылары бірнеше дисциплина бойынша бақ сынады.

U19 санатындағы «боулдеринг» сайысында Кымсан Цой 20-орын, Глеб Семешкин 26-орын, Евгений Ким 27-орын алды. Әйелдер арасында Лейла Геккеева, Виктория Ильницкая және Амира Қайсар 19-орынды бөлісті, Яна Войтович 23-орынға тұрақтады.

«Қиындық» бағдарламасында Глеб Семешкин 18-орын, Евгений Ким 22-орын, Матвей Павлов 24-орын иеленді. Әйелдер арасында Виктория Ильницкая 16-орын, Лейла Геккеева 17-орын, Яна Войтович 18-орын, Амира Қайсар 20-орын алды.

«Жылдамдық» сайысында Роман Курассов тоғызыншы, Рашид Хайбуллин оныншы, Әлихан Татамбай 11-орын, Дмитрий Ананьев 14-орын көрсетті. Әйелдер арасында Алина Львова 8-орынға ие болып, ширек финалға дейін жетті. Арина Новицкая 9-орын, Виктория Ильницкая 13-орын, Ралина Абдулова 14-орын алды.

U17 санатындағы «боулдеринг» жарысында Егор Некрещенный 13-орын, Евгений Корнеев 18-орын иеленді. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 24-орынға тұрақтады.

«Қиындық» бағдарламасында Евгений Корнеев 18-орын, Егор Некрещенный 21-орын көрсетті. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 27-орын алды.

U17 санатындағы «жылдамдық» сайысында Давид Кононов 12-орын, Арсений Тен 15-орын, Вадим Сагинтаев 19-орынға жайғасты. Әйелдер арасында Таиссия Носкова 14-орын, Амели Аскарова 17-орын, Анастасия Андриенко 19-орын, Анастасия Выродова 21-орынмен жарысты аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button