БАСКЕТБОЛТРЕНДТЕ

Қазақстан ҰОК мен FIBA басшылығы баскетболды дамыту мәселелерін талқылады

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығы Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл Танимен кездесті.

Кездесуде Қазақстандағы баскетболды дамыту, ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарға қатысуы және алдағы бірлескен жобалар талқыланды.

Тараптар Алматыда FIBA Азия кубогы-2029 додасының алдын ала іріктеу кезеңінің алғашқы раундын өткізу мүмкіндігін қарастырды. Сонымен қатар Қазақстанда FIBA аясындағы халықаралық іс-шаралардың бірін ұйымдастыру мәселесі сөз болды.

FIBA президенті қазақстандық баскетболшылардың деңгейін жоғары бағалап, елімізде әйелдер баскетболының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында жастар баскетболын дамыту жоспарлары да таныстырылды. Оның ішінде студенттік лиганы кеңейту және мектеп оқушыларына арналған жобаларды дамыту көзделген.

Тараптар Қазақстан ҰОК, Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясы және FIBA арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button