ФУТБОЛ

«Тұран» барлық легионерімен қош айтысты

Түркістандық «Тұран» футбол клубы құрамындағы барлық легионерлермен қоштасты, деп хабарлайды SportM.kz.

Клуб ресми түрде өзбекстандық ойыншылар — Шохбоз Умаров, Бехрузбек Асқаров, Хуршид Мухторов және Одилбек Абдумажидовтың кеткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ бұған дейін «Тұранда» ойнаған Беларусь футболшылары (Руслан Юденков, Егор Хаткевич, Игорь Стасевич, Василий Совпель), черногориялық Горан Милойко және ресейлік Константин Дорофеев қазір «Атырау» сапында өнер көрсетеді.

Тек екі легионер — Лука Згурский мен Йован Пайович қазіргі таңда жаңа клуб іздеуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button