Спорт Министрі | Георгий Жуков «Ақтөбе» сапына қосылды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Георгий Жуков «Ақтөбе» сапына қосылды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков енді ресми түрде «Ақтөбе» ойыншысы атанды. Клуб пен футболшы келісімшартқа қол қойып, тәжірибелі ойыншы Вячеслав Левчуктың командасындағы кезекті маусымды бастағалы отыр.

Жуков бұған дейін «Қайрат» (Қазақстан), «Висла» Краков (Польша), «Цанчжоу Майти Лайонс» (Қытай), сондай-ақ польшалық «Пуща» клубтарында өнер көрсеткен. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 20-дан астам матч өткізіп үлгерді.

Алаңдағы салқынқанды шешімдерімен және жоғары пас мәдениетімен танылған жартылай қорғаушының келуі «Ақтөбенің» орталық шебін күшейтеді деген үміт бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button