
Футболдан елордалық «Астана» клубы 2024/25 жылғы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде молдовалық «Зимбру» командасымен кездеседі.
Екі ойыннан тұратын бұл кезеңнің алғашқы матчы 24 шілдеде Кишинев қаласында өтеді. Қарымта матч 31 шілдеде Қазақстанда ұйымдастырылады.
«Астана» еурокубоктық маусымдағы жорығын дәл осы кезеңнен бастайды. Команданың басты мақсаты — топтық кезеңге жолдама алып, халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету.