
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Лондонда өткен турнирден кейін жаңартылған рейтингті жариялады. Жекелей сында рейтинг көшбасшысы ретінде беларусьтік Арина Соболенко қалды. Екінші орында – америкалық Кори Гауфф, үздік үштікті тағы бір америкалық – Джессика Пегула түйіндейді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз орнын сақтап, 11-сатыда қалды. Ол Лондондағы турнирдің ширек финалында германиялық Татьяна Мариядан 4:6, 6:7 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да өз позициясын өзгертпей, 27-орында тұр.