Спорт Министрі | Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Абылайхан Жұбаназар әлем біріншілігінің жүлдегеріне есе жіберді
ДЗЮДО

Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Абылайхан Жұбаназар әлем біріншілігінің жүлдегеріне есе жіберді

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды.

Бұл кезеңде оның қарсыласы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы ресейлік Тимур Арбузов болды.

Белдесу Арбузовтың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталып, Жұбаназар жарысты аяқтады.

Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button