ФУТБОЛ
ҚПЛ: «Жеңіс» биыл алғаш рет жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында елордалық «Жеңіс» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Команда «Тұранды» Түркістанда 2:0 есебімен жеңді.
Астаналық клуб бұған дейін 11 тур бойы жеңіс көрмеген еді: 7 рет тең түсіп, 4 матчта жеңіліс тапқан. Ал «Тұран» сапында қаржы мәселесіне байланысты шетелдік ойыншылар мен бапкерлер кетіп қалғандықтан, алаңға негізінен жергілікті жастар шықты.
Кездесудің алғашқы кезеңі есепсіз аяқталса, екінші таймда Ардақ Сәулет (74′) пен Адилио (84′) өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, жеңіс голдарын соқты.
Осылайша, «Жеңіс» маусымдағы алғашқы 3 ұпайына ие болды.