ФУТБОЛ
Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды SportM.kz.
Ол бұл шешімін 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македониямен өткен кездесуден кейін жария етті.
— Мен ұлттық құрама сапында 2014 жылдан бері ойнап келемін. Осы уақыт аралығында елімнің намысын абыроймен қорғауға тырыстым. Жеңістер де, жеңілістер де болды. Капитандық міндетті атқардым. Бүгін құрамамен қоштасатын күн келді. Енді орнымды жастарға беретін уақыт жетті, — деді Асхат Тағыберген.
Ол ұлттық құрамада он жылдан астам уақыт бойы өнер көрсетіп, тәжірибесімен және көшбасшылық қасиетімен ерекшеленді.