
Бүгін, 9 маусым күні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Астанада Солтүстік Македонияны қабылдайды, деп хабарлайды SportM.kz.
Кездесу жергілікті уақытпен 18:50-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Матчқа словак төрешілер бригадасы қазылық етеді. Бас төреші — Филип Глова. Қапталдағы көмекшілері — Даниэль Полачек пен Питер Беднар. Қосалқы төреші — Питер Кралович.
Екі құрама бұған дейін 2021 жылдың маусымында жолдастық матч өткізген болатын. Сол ойында Қазақстан 0:4 есебімен жеңіліп қалған.
Қазір Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің J тобында үш ұпаймен 3-орында тұр. Бұған дейін отандастарымыз Уэльске 1:3 есебімен жол беріп, Люксембургті 2:0 есебімен жеңді.
Ал Солтүстік Македония үш матчта 5 ұпай жинап, 2-орында келеді. Олар Лихтенштейнді 3:0 есебімен ұтып, Уэльс және Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнаған.