
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жетіп, шешуші матчта есе жіберді, деп хабарлайды SportM.kz.
Әлемнің 17-ракеткасы Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге финалда жарыстың 2-нөмірлі дуэті — италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы өнер көрсетті.
Кездесу үш сетке созылды. Бірінші партияда италиялықтар 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте Данилина – Крунич жұбы 6:2 нәтижесімен қарымта қайырды. Алайда шешуші үшінші сетте Эррани – Паолини дуэті 6:1 есебімен басым түсіп, чемпион атанды.
Тартысты матч 2 сағат 15 минутқа созылды. Қазақстандық-сербиялық жұп 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Ал италиялықтар 4 брейк жасап, 13 мүмкіндік туғызды.
Анна Данилина үшін бұл финал – «Үлкен дулыға» турниріндегі ең ірі жетістіктерінің бірі болып қалмақ.