БОКС
Ертуған Зейнуллинов Eindhoven Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды SportM.kz.
65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Зейнуллинов ширек финалда даниялық Абдулла Абу-Арабты айқын басымдықпен жеңді.
Бұған дейін ол алғашқы айналымда Швеция өкілі Хилаль Салехті де төрешілердің бірауыздан шешімімен ұтқан болатын.
Қазақстандық боксшы енді финал жолдамасы үшін жекпе-жекке шығады. Турнир 9 маусымға дейін жалғасады.