Спорт Министрі | Бүгін Ұлттар лигасының жартылай финалы басталады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Бүгін Ұлттар лигасының жартылай финалы басталады

UEFA Ұлттар лигасының А дивизионындағы жартылай финалдық ойындар бүгін басталады. Финалдық кезең Германияның Мюнхен мен Штутгарт қалаларында өтеді, деп хабарлайды SportM.kz.

«Арена Мюнхен» стадионында бір жартылай финал және финал ойналса, «Штутгарт Аренада» екінші жартылай финал мен үшінші орын үшін матч ұйымдастырылады.

Алғашқы ойын бүгін, 4 маусымда өтеді: Германия мен Португалия құрамалары қазақстандық уақытпен 23:50-де алаңға шығады. Кездесу «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Топтық кезеңде Германия құрамасы Нидерланд, Мажарстан және Босния мен Герцоговинаны артта қалдырып, өз тобында 14 ұпаймен бірінші орын алды. Португалия да 14 ұпай жинап, Хорватия, Шотландия және Польшадан озды.

Бұл қос команда бұған дейін 11 рет кездескен. Оның жетеуінде Германия жеңіске жетсе, үш матч тең аяқталған. Португалия бір мәрте ғана басым түскен.

Ал ертең, 5 маусымда, Испания мен Франция құрамалары финал жолдамасы үшін таласады. Финал және 3-орын үшін ойындар 8 маусым күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button