
«Жеңіс» футбол клубының тізгінін украиналық маман Андрей Демченко ұстады, деп хабарлайды SportM.kz.
Андрей Демченко 1976 жылы Украинада туған. Футболшы ретінде Ресейдің ЦСКА, Нидерландтың әйгілі «Аякс», Украинадағы «Металлург» (Запорожье), «Ильичевец», «Оболонь», «Гелиос» және Молдованың «Дачия» клубтарында өнер көрсеткен.
Бапкерлік жолы:
2011 жылдан бастап бапкер ретінде жұмыс істеп келе жатқан Демченко бұған дейін Украинаның «Имекс», «Металлург» (Запорожье), «Львов», «Металлист-1925», «Буковина» және Грузияның «Дила», «Динамо» (Батуми) командаларында қызмет еткен.
Бұған дейін «Жеңісте» бас бапкердің міндетін атқарған Пиралы Әлиев енді Андрей Демченконың көмекшісі қызметінде жұмысын жалғастырады.
Клубтың жаңа бапкері командаға қандай серпін беретінін уақыт көрсетеді.