ФУТБОЛ
Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф күнтізбесі жарияланды

Футзалдан ел чемпионатының шешуші кезеңі – плей-офф матчтарының кестесі бекітілді, деп хабарлайды SportM.kz.
Жартылай финалда:
- 🟡 «Семей» – «Ақтөбе»
- 🔴 «Қайрат» (Алматы) – «Атырау»
Жартылай финал 7 маусымда басталады. Бұл кезеңде жеңімпаз үш жеңіске дейінгі серияда анықталады.
📅 Жартылай финал ойындары:
– Негізгі ойын күндері: 7, 8, 13 маусым
– Қажет болса: 14 және 18 маусымда қосымша матчтар өтеді
🥉 3-орын үшін матчтар:
– 23, 27, 28 маусым
– Екі жеңіске дейін
🏆 Финалдық ойындар:
– 23-24, 28-29 маусым
– Қажет жағдайда 5 шілдеде шешуші матч өтеді
Чемпиондық атақ пен жүлделі орындар үшін өтетін бұл тартысты кездесулер футзал жанкүйерлерінің қызығушылығын оятары сөзсіз.



