Спорт Министрі | Теннисші Елена Рыбакина Страсбургтегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Теннисші Елена Рыбакина Страсбургтегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды SportM.kz.

Қазақстандық спортшы Польша өкілі Магда Линеттен 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Кездесу барысында Рыбакина сенімді ойын өрнегін көрсетті. Қарсыласына қарағанда ширақ қимылдап, шешуші сәттерде басым түсе білді.

Жартылай финалда ол Эмма Наварро (АҚШ) мен Беатрис Хаддад Майя (Бразилия) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button