Спорт Министрі | Қазақстандық жасөспірім қыздар теннис тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалына шықты
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Қазақстандық жасөспірім қыздар теннис тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалына шықты

Шымкенттегі Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Билли Джин Кинг кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Үндістанды жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды.

Ширек финалдық кездесуде Еркежан Жаңатаева Мундхе Арунды үш сетте (6:7, 6:4, 6:3) ұтса, Ева Корышева Аахан Ааханды екі сетте де (6:1, 6:1) тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстанның жасөспірім қыздар командасы қараша айында Чилиде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдаманы қамтамасыз етті. Бұл Қазақстан тарихында осы жас санатындағы қыздар құрамасының әлем чемпионатының финалына екінші рет шығуы болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button