Спорт Министрі | Зарина Дияс Жапониядағы турнирді сәтті бастады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Зарина Дияс Жапониядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Турнирде 6-шы ракетка болып тіркелген Дияс алғашқы ойынында рейтингте 959-орындағы жергілікті спортшы Киса Ёсиоканы 6:4 және 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Зарина қарсыласына екінші сетте бірде-бір гейм берген жоқ.

Енді Зарина ширек финалға шығу үшін рейтингте 875-орында тұрған тағы бір жапониялық теннисші Лиза-Мария Риумен кездеседі.

Жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрайтын Куруме турнирі 18 мамырда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button