Спорт Министрі | Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан финалға шықты
ДЗЮДО

Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан финалға шықты

Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалдық белдесулерде Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) жеңіске жетті.

Орынбасар командаласы Аман Бақытжанды жеңсе, Қырғызбаев қытайлық Цзыян Седен басым түсті.

Финалда Талғат Орынбасар ресейлік Изнаур Сааевпен белдеседі. Ал Ғұсман Қырғызбаев пен ресейлік Рамазан Абдулаев өзара мықтыны анықтайды.

Қола медаль үшін Аман Бақытжан оңтүстіккореялық Харим Лимен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button