ФУТБОЛ
Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов Павлодардың «Ертіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sportm.kz.
Ол бұл лауазымға 2024 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Бұған дейін футболшы ретінде 2002–2004 жылдары дәл осы «Ертіс» клубының жейдесін киіп, оның чемпион атануына үлес қосқан еді.
Бапкерлік мансабында Нұрдәулетов «Жетісу» командасын да басқарған. Оның жетекшілігімен талдықорғандық ұжым 11-орынға тұрақтаған болатын.