Спорт Министрі | Зарина Дияс Жапониядағы турнирді сенімді жеңіспен бастады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Зарина Дияс Жапониядағы турнирді сенімді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің алғашқы айналымында айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportm.kz.

Әлемнің 318-ракеткасы және жарыстың алтыншы нөмірлі қатысушысы саналатын Дияс 16 жастағы жергілікті теннисші Юзуха Негишимен кездесті.

Тәжірибелі қазақстандық спортшы жас қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, небәрі бір сағатқа жетпейтін уақыттың ішінде 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button