Спорт Министрі | Әлем чемпионаты: Михаил Шайдоров күміс жүлдегер
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Әлем чемпионаты: Михаил Шайдоров күміс жүлдегер

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Бостондағы (АҚШ) Әлем чемпионатында қос жаттығу қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды sportm.kz.

Қысқа бағдарламадан кейін Михаил үшінші орынды иеленді, бірақ ол өз позициясын жақсарта алды. Еркін бағдарламада Шайдоров 192,70 бал алды. Жалпы нәтиже — 287.47 бал. Бұл еліміздің мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Бұған дейін Денис Тен 2013 жылғы әлем чемпионатында күміс және 2015 жылы қола медаль жеңіп алған еді.

Михаил үшін бұл маусымдағы екінші ірі жеңіс. Ол турнирді 2015 жылы жеңіп алған Денис Теннің табысын қайталап, Төрт континенттің чемпионы болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button