
Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды sportm.kz.
Жарыстың кезекті күні әйелдер күресі бойынша бәсекелер өтті. Нақтырақ айтқанда, 5 салмақта медальдар сарапқа салынды. Өкініштісі, ұлттық құрама өкілдері финалға шыға алмады. Тек қола жүлдеге қол созатын мүмкіндік болған. Оны да мүлт жіберді.
Атап айтқанда, 50 келідегі Светлана Анкичева қола жүлде үшін белдесуде моңғолия өкілінен жеңілді. 59 келідегі Гүлдана Бекеш қытайлық Се Мэньюйден ұтылды. Ал, 68 келідегі Ирина Казюлина үндістандық Манси Латерге есе жіберді. Енді бүгін қалған 5 салмақтағы белдесулер болады. Яғни, бозкілемге Жәмиля Бақбергенова бастаған спортшыларымыз шығады және спорт мамандары олардан үлкен үміт күтеді.