Спорт Министрі | Куба жігіттерін жеңіп, келесі кезеңге өттік
ӘУЕСҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Куба жігіттерін жеңіп, келесі кезеңге өттік

Черногорияның Будва қаласында бокстан “Адрия інжуі” деп аталатын халықаралық турнир жалғасып жатыр.

Байрақты бәсекенің жастар арасындағы әлем кубогы деген статусы бар. Сәйкесінше, 21 елден ең үздік былғары қолғап шеберлері жиналды. Араларында Мақсат Бақтыбазаров бастаған ұлттық құрама өкілдері де бар. Қазақ жігіттері жарыстың кезекті күні Куба боксшыларымен жолықты. Атап айтқанда, 51 келідегі Досымжан Танатар кубалық Барбаро Кеведомен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 5:0 Дәл осындай нәтиже 57 келідегі Данияр Ақбисенов пен тағы бір кубалық Рональд Кутино кездесуінде де тіркелді. Қазақ жігіті жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы Нығман Нығмет, Бауыржан Мұратов, Артур Ярбулов, Жасұлан Бердәлі, Бекдәулет Асқаров, Бейбарыс Әшірбай және Бексұлтан Қайратұлы сияқты жігіттер де сәтті өнер көрсетіп жатыр. Будва қаласындағы халықаралық ткурнирдің жалпы қорытындысы 10-шы наурызда белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button