Спорт Министрі | Назым Қызайбай әлем чемпионатына қатысады
ӘУЕСҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Назым Қызайбай әлем чемпионатына қатысады

Бірер күннен кейін Сербияның Ниш қаласында әйелдер боксынан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты басталады.

Оған 60-тан аса елдің өкілдері қатысады. Араларында қазақстандық қыздар да бар. Отандық бокс федерациясы ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады. Ұлттық құрама өкілдері барлық 12 салмақта бақ сынайды. Әсіресе, көпшілік Назым Қызайбайдың жекпе-жектерін тағатсыздана күтіп отыр. Ол бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанған еді. Енді тағы да осы жетістігін қайталауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, ұлттық құрамадағы Алуа Балқыбекова, Анита Әдішева, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Виктория Графеева және Аида Әбікеевалардан да үміт зор. Орта және ауыр салмақтарда Жасмин Қизатова, Наталья Богданова, Надежда Рябец, Гүлсая Ержан және Елдана Тәліповалар жүлдеге таласады.

Дүниежүзілік доданың өзі 8-ші наурызда басталып, 16-шы наурызға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button