
Қоржынымызда 8 медаль. Оның біреуі алтын. Албания астанасы Тирана қаласында күрес түрлерінен әлемдік рейтингтік турнир өтті.
Оған 47 балуанымыз аттанған болатын. Оның ішінде 8-і ғана жеңіс тұғырына көтерілді. Араларында әйелдер күресінің өкілі Жәмила Бақбергенова барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Жәмиля 76 келіде сынға түскен болатын және фниалда украиналық Алла Белинсканы жеңді.
Ал, 72 келідегі қазақстандық Эльмира Сыздықова қола жүлдеге қол созды. Еркін күрес шеберлері арасынан Болат Сақаев күміс, ал, Рустам Мырзағалиев пен Мұхаммед Балғабай қола жеңіп алды. Грек-рим күресі шеберлерінің еншісінде де 3 қола бар. Оны Бағдат Сабаз, Ерасыл Мамырбеков және Ерсін Абыр иемденді.