Спорт Министрі | Ақтауда 10 мың орындық стадион салынады
МӘСЕЛЕТРЕНДТЕФУТБОЛ

Ақтауда 10 мың орындық стадион салынады

 Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш мәлімдеді.

Оның айтуынша, аймаққа заманауи футбол инфрақұрылымы аса қажет. Өйткені, қолданыстағы стадион әбден ескірді. Биыл оған  жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұған қоса, жылдың соңына қарай жаңа стадионның құрылысы басталады. Оның ішінде тек футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қажетті бөлімдер де болады. Стадион салынатын жер белгіленді және қаланың бас жоспарына енгізілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамаға дайындық кезеңдері жүргізіліп жатыр.

«Бізде 3 мың адамға арналған ескі стадион бар. Оған жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұған қоса, осы жылы өңір басшысының қолдауымен 10 мың адамдық стадионды салуды жоспарлап отырмыз. Оның құрылысы биыл жылдың аяғына дейін басталады» — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш.

Басқа жаңалықтар

Back to top button