Спорт Министрі | Ағайынды Оралбайлар жартылай финалға шықты
ӘУЕСҚОЙ БОКС

Ағайынды Оралбайлар жартылай финалға шықты

Болгарияның София қаласында бокстан кіші әлем чемпионаты атанып кеткен «Странджа Кубогы» жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні ерлер мен мен әйелдерді қоса алғанда 20 боксшымыз шаршы алаңға шықты. Оның 12-сі қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ерлер арасында Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай және Бекзат Нұрдәулетов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Тағы бір қазақстандық Фарух Тоқтасынов ширек финалға жолдама алды. Ал, аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сарапбай қытайлық спортшыдан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Әйелдер арасында ұлттық құрама сапындағы Елянұр Тұрғанова, Айдана Жабынбекова, Римма Волосенко, Жансая Рақымберді, Анель Сақыш, Лаура Есенгелді, Жазира Орақбаева және Сымбат Алиасқар жеңіске жетіп, жарысты жалғасыруға мүмкіндік алды. Айта кетейік, София қаласындағы халықаралық жарыс 2-ші наурызға дейін жалғасады

Басқа жаңалықтар

Back to top button