
Алматыда PWL деген атпен танымал кәсіпқой күрес турнирі өтті.
Оған ұлттық құрама сапындағы 3 палуан қатысуға мүмкіндік алды. Араларынан Азамат Дәулетбеков қана жеңіске жетті.Ол дағыстандық Магомедхабиб Хадимагомедовпен күрескен еді. Қорытынды есеп: 4:0. Артынша Қазақстанның танымал балуандарының бірі Жәмила Бақбергенова қырғызстандық Айпері Медетқызына қарсы белдесу өткізіп, 5:1 есебімен есе жіберді. Бұған қоса, көпшілік қазақстандық әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан мен америкалық олимпиада чемпионы Кайл Снайдер кездесуін тағатсыздана күткен еді. Олар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресті. 6 минуттық белдесуде Снайдер 8:0 есебімен басым түсті. Айта кетейік, Снайдер бұл күні екі белдесу өткізді. Ризабектен бөлек ол ресейлік Константин Пшеничниковты да жеңді.