Спорт Министрі | 20 дзюдошымыз Ташкент Гранд-Слэміне қатысады
ДЗЮДО

20 дзюдошымыз Ташкент Гранд-Слэміне қатысады

28-ші ақпан мен 2-ші наурыз аралығында Өзбекстан астанасында жапон жекпе-жегінен әлемдік аламан өтеді. Бұл — 2025 жылдың алғашқы ірі жарыстарының бірі.

Онда қазақстандық қыз-жігіттер де бақ сынайды. Әсіресе, тізімде ұлттық құраманың үздігі саналатын Ғалия Тыныбаева, Есмигуль Куюлова, Мағжан Шамшадин, Бақытжан Әбдірахманов және Абылайхан Жұбаназар сияқты дзюдошылар бар. Ташкент қаласындағы Гранд-Слэм жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып жүр.

Осыған дейін біздің спортшылар сол жерде 5 рет жүлдеге іліккен. 5 рет те күміс жеңіп алды. Енді алдағы жарыста ұлттық құрама өкілдері осы жетістікті қайталауға, тіпті, асып түсуге тырысатыны анық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button