Спорт Министрі | Харбин 2025: Қоржынымызға үшінші алтын түсті
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Харбин 2025: Қоржынымызға үшінші алтын түсті

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды, деп хабарлайды sportm.kz.

Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль болды.

 Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды. Ал Әсет Дүйсенов 30:40.6 секунд тіркеп, 6-сатыға тұрақтады. Александр Мухин (31:03.8 секунд) нәтижесімен 7-орында қалды. Бүгін жекелей сында барлығы 33 спортшы жарысты. Еске сала кетейік, Вадим Куралес 2023 жылғы Универсиаданың чемпионы және жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының 2 дүркін күміс жүлдегері атанған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button