Спорт Министрі | Егіз дзюдошылар ел чемпионатында топ жарды
ДЗЮДО

Егіз дзюдошылар ел чемпионатында топ жарды

 Орал қаласында жапон жекпе-жегінен жасөпірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Оған 900-ге жуық қатысушы жиналды. Араларында шымкеттік егіз қыздар бар. Нұрсезім Тұрлыбек және Гүлсезім Тұрлыбек. Екеуі де өз салмқатарында өте жақсы белдесіп, қарсылас шақ келтірмеді. Нәтижесінде Нұрсезім 63 келіде, ал, 70 келіде топ жарды. Осылайша бір үйдің қыздары 1 күнде жеңіс тұғырна көтеріліп, алтын медаль жеңіп алды.

Дәл осылай Қазақстан чемпионаты аясында 16 салмақтағы үздіктер анықталды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласының құрамасы бірінші сатыға жайғасты. Екінші орында Алматы қаласының өрендері боса, Қарағанды облысынан келген спортшылар үздік үштікті түйіндеді. Бұл жекелей сында бойынша көрсеткіш. Ал, бүгін командалық жарыстар өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button