Жалпы есепте екінші орындамыз

Италияның Турин қаласында студенттер арасындағы дүниежүзілік доданың алғашқы жарыс күндері артта қалды. Нәтижесінде, ұлттық құрама спортшылары 6 медаль жеңіп алды.
Оның төртеуі фрайстайл өкілдеріне тиесілі. Атап атйқанда, Анастасия Городко фристайл могулда және параллель могулда алтын жеңіп алды. Яғни, дүниежүзілік доданың 2 дүркін чемпионы атанды. Бұған қоса, тағы бір қазақстандық Аяулым Әміренова күміс жүлде жеңіп алды. Ал, ерлер арасындағы бәсекеде отандасымыз Антон Бондарев аталмыш жеңіс жолын жалғады. Ол да өте жақсы өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Одан бөлек, парашаңғыдан 10 шақырымдық бәсекеде қазақстандық Денис Зинов күміс, Роман Құрбанов қола жүлде иемденді. Сонымен, 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте екінші тұрмыз. Топ басында 4 алтын жеңіп алған Франция құрамасы болса, үздік үштікті әзірге Финляндия командасы түйіндейді. Қазақстандық спортшылар көрсеткішті әлі де жақсарта алады.
Турин қаласындағы байрақты бәсеке 24-ші қаңтарға дейін жалғасады.