Спорт Министрі | Анастасия Городко – Универсиада чемпионы
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Анастасия Городко – Универсиада чемпионы

Италияның Турин қаласында студенттер арасындағы дүниежүзілік дода басталды және ұлттық құрама қоржынына алтын түсті.

Фристайл-могул бәсекесінде Анастасия Городко өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, ең үздік нәтижені тіркеді. Ол финалда 79.79 ұпай жинады. Нәтижесінде Анастансия чемпион атанды. Күміс жүлде жапониялық Харука Накаоға, ал, қола жүлде германиялық Ханна Вииске бұйырды.

Айта кетейік, Анастасия Городко осыдан бірер күн бұрын Алматыда өткен әлем чемпионатында да топ жарған болатын. Ол параллельді могул бағытында алтын жүлде иемденді. Одан кейін фристайл-могулда күміске қол созды. Анастасия қысқы Универисдада да ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтынды салып тұр. Турин қаласындағы байрақты бәсеке 24-ші қаңтарға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button