Спорт Министрі | Асу Алмабаевтың қарсыласы белгілі болды
БАСҚАЛАРЫММА

Асу Алмабаевтың қарсыласы белгілі болды

Отандасымыз 1 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турниріне қатысады,деп хабарлайды sportm.kz.

Асу Алмабаев аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы darteam.kazakhstan командасы хабарлады.

Ресми! біздің @darteam.Kazakhstan командамыздың жауынгері Асу Алмабаев @asu_zulfikar57 (21-2) 4-0 UFC наурыз айында UFC турнирінде Австралиядан шыққан бұрынғы UFC титулына үміткер Стив Эрцегке (12-3) 3-2 UFC қарсы жекпе-жек өткізетін болады,-делінген хабарламада.

Стив Эрцег жеңілірек салмақта чемпиондық атақ үшін шайқасқан. Басты жекпе-жекте бразилиялық Алешандре Пантожаға есе жіберген. UFC рейтингінде қазір 9-орында болса, Асу 8-орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button