Спорт Министрі | Жалпы есепте бірінші орындамыз
ДЗЮДО

Жалпы есепте бірінші орындамыз

Грекияның Салоники қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогы өтті. Оған 29 елден 300-ге жуық қатысушы жиналды.

Араларында қазақстандық ұл-қыздар да бар. Олар жарыс барысында 8 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни, құрлықтық дода қорытындысы бойынша ұлттық құрама өкілдері 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Спорт Министрі | Жалпы есепте бірінші орындамыз

Атап айтқанда, алтын жүлдені қыздар арасында 48 келідегі Гүлхан Шыңғысхан мен ұлдар арасында 81 келіде белдескен Расул Мұқым жеңіп алды. Бұған қоса, Даниял Сейілхан, Алтынбек Қонысбай және Әсел Русланова сияқты спортшыларымыз финалда ғана қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Нұрдос Досберген, Марғұлан Игілік және Әділжан Жаудинов өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеп, қола жүлде иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button