Спорт Министрі | WORLD BOXING ұйымына қосылдық
БОКС

WORLD BOXING ұйымына қосылдық

.Қазақстан бокс федерациясы жаңадан құрылған халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі атанды. Бұл жөнінде АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен конгресте белгілі болды. 

Біздің тарап World Boxing-ке кірген елдер арасында 52-ші болып тіркелді. Қазір бұл ұйымда бас-аяғы 55 мемлекет бар. Яғни, Қазақстанмен қатар бір күнде көрші Өзбекстан және Лаос пен Гватемала елдері де  осы ұйымға ресми аяқ басты.

Айта кетейік, World Boxing халықаралық федерациясы 2023 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Оның басты мақсаты — боксты жазғы олимпиада бағдарламасында қалдыру. Өйткені, бұған дейін шаршы алаңдағы бәсекелерді ұйымдастырып келген IBA, яғни, Халықаралық бокс федерациясы Халықаралық олимпиада комитетінің сенімінен шығып кеткен болатын. Сәйкесінше, әлем елдері біртіндеп жаңа ұйым қанатының астына ауысып жатыр. Қазақстан бокс федерациясы қыркүйек айында WORLD BOXING қатарына қосылу туралы өтінім тастағды. Араға бірер ай салып осы ұйымның мүшесі атанып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button