БОКСТРЕНДТЕ

Махмұд Сабырхан Азия ойындарында бокстан қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Сабырхан Филиппин өкілі Карло Пааламмен кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен филиппиндік боксшының жеңісін тіркеді.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Қазақстан бокс құрамасының осы Азия ойындарындағы үшінші қола медалін жеңіп алды. Бұған дейін Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі, Наталья Богданова 75 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған еді.

Фото: Арлан Олжабай

Басқа жаңалықтар

Back to top button