
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Богданова Үндістан өкілі Ловлина Боргохайнмен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен үндістандық боксшының жеңісін тіркеді.
Осылайша, Наталья Богданова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады. Бұған дейін 51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова да қола жүлдеге ие болған еді.
Фото: ҚБФ



