ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан WU-19 құрамасының Еуро-2027 іріктеуіне қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты бастады. Алматыдағы оқу-жаттығу жиынынан кейін команда 6-12 қазан аралығында Мальтада өтетін матчтарға қатысады.

Қазақстан WU-19 құрамасы В лигасының 6-тобында Чехия, Румыния және Мальта құрамаларымен кездеседі. Команданың аға бапкері Ксения Постовая іріктеу кезеңіне шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Каролина Гук («Астана»), Стелла Бабурчина-Луклянец («Ertis»), Сабина Үсен («БИІК-Шымкент»).

Қорғаушылар: Жібек Жақсыбай («Қызылжар»), Ангелина Кленова, Рамина Омарова («Қайрат»), Томирис Максим («Алтай»), Айя Муттари («Қайрат»), Нұрсая Сұлтан, Шахноза Холбаева («Қызылжар»), Малика Тоқтар («Жеңіс»).

Жартылай қорғаушылар: Аяулым Байсейіт, Айдана Байжанова, Елизавета Медведева («Ertis»), Ару Ермағамбетова, Жәния Махаш («Қайрат»), Эльвина Квасова («Оқжетпес»), Аяулым Талғат («Жеңіс»), Шахзода Холбаева («Қызылжар»), Варвара Цой, Әйгерім Мұқашева («Тобыл»).

Шабуылшылар: Аяжан Абдина («Қызылжар»), Аминат Биғожина («Ertis»), Дарья Компаниец («Тобыл»), Ангелина Остер («Қайрат»).

Бапкерлер құрамына Ксения Постовая, Ұлболсын Жолшиева, Сергей Кондаков, Ирина Саратовцева, Эльдар Гасанов, Жаслан Каденов, Лилия Каримова, Серік Жугралин, Кирилл Ткачев және Берік Өмірбаев кірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button