ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Аделина Земс Азия ойындарында 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында Земс қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, жеке рекордын жаңартты.
Алтын медаль БАӘ өкілі Мариам Каримге бұйырды. Ол 54,31 секунд нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының рекордын жаңартты. Қазақстандық спортшы одан 0,27 секундқа қалып қойды.
Үндістандық Витья Рамрадж 54,75 секунд нәтижемен үшінші орын иеленіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Фото: Никита Басов



