АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Алексей Чуркин Азия ойындарында ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Чуркин жұлқа көтеруде 173 келіні, серпе көтеруде 205 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысында ол 378 келі нәтижемен екінші орын иеленді.

Алтын медаль Солтүстік Корея өкілі Ро Кван Рёльге бұйырды. Ол қоссайыста 379 келіні (165+214) көтерді. Қытайлық Чэнь Шуньнань 374 келі (163+211) нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Алексей Чуркин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының күміс медалін қосты.

Фото: Сали Сабиров

Басқа жаңалықтар

Back to top button