АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Аянат Жұмағали Азия ойындарында ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жұмағали жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысында ол 246 келі нәтижемен екінші орын иеленді.
Алтын медаль Қытай өкілі Хэ Жэньсюге бұйырды. Ол қоссайыста 258 келіні (118+140) көтерді. Ирандық Рейхане Карими 243 келі (107+136) нәтижемен қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Аянат Жұмағали Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының күміс медалін қосты.
Фото: Нұрғали Жұмағазы



