ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға Азия ойындарының тоғызыншы алтынын әкелді

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафон қашықтығында сынға түсіп, мәреге бірінші болып жетті. Қазақстандық спортшы жарысты 3 сағат 22 минут 20 секундта аяқтады.

Күміс медаль Қытай өкілі Даньцзэн Цюйцзунға бұйырды. Оның нәтижесі – 3 сағат 26 минут 9 секунд. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3 сағат 32 минут 26 секунд нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Қазақстан құрамасының Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында жеңіп алған тоғызыншы алтын медалі.

Ерлер арасындағы спорттық жүрістен марафон жарысында қазақстандық Георгий Шейко алтыншы орын алды.

Фото: Арлан Олжабай

Басқа жаңалықтар

Back to top button